Mazir
24 май 11:36korilim:831 Ekonomika

Президент СҚО-ға қоныс аударғандардың шағымы бойынша тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО-ға қоныс аударған адамдар үшін салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеруді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы "Казахстанская правда" газетінде 24 мамыр күні жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады", - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.


Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: