Mazir
12 июн 10:49korilim:1 241 Ekonomika

Қазақстанда «Яндекс Такси» бұғатталуы мүмкін бе?


Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында «Яндекс Таксидің» бұғатталатыны туралы ақпарат тараған. Сервис қызметкерлері бұл ақпаратты шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді деп хабарлайды Bairaq.kz порталы Lenta.ru порталына сілтеме жасап. 

Дереккөздегі мәліметтерге сүйенсек, «Яндекс Такси» сервисінің баспасөз қызметінің өкілі Ася Мелкумова бұл ақпаратты жоққа шығарған. 
Алматы ауданаралық экономикалық сотының шешімі сервистың Қазақстандағы жұмысына шектеу қоймайды екен. 
«Біздің сервис жұмыс істеп тұр және өз жұмысын жалғастырады. Патенттік дау бойынша компания апелляциялық шағым түсіреді», - деп жазылған сервистің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. 
Біршама уақыт бұрын Finance.kz Телеграм-арнасында сот шешімімен «Яндекс Такси» сервисінің ел территориясындағы жұмысына шектеу қойылатыны туралы ақпарат тараған. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: