Mazir
12 окт 12:30korilim:342 Ekonomika

Мамин азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне жол бермеуді тапсырды

Асқар Маминнің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму және 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды.

Бұл туралы Bairaq.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жиында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев экономиканың дамуы, ақша-кредит саясаты, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту туралы баяндады.

Асқар Мамин ұлттық экономика сенімді қалпына келу қарқынын көрсетіп отырғанын атап өтті. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3,4% құрады. Экономиканы қалпына келтіруге дағдарысқа қарсы уақтылы қабылданған шаралардың арқасында қол жеткізілді. Экономиканы жеделдетудің негізгі драйвері нақты сектордағы өндірістің тұрақты өсуі болып табылады.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы барлық 7 негізгі макрокөрсеткіш бойынша, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы 6 көрсеткіш бойынша, Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы 5 көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. Ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысына тиесілі.

Үкімет басшысы экономиканың өсу қарқынын арттыру және әртараптандыру, инвестициялар тарту және жұмыс орындарын құру, азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу жөніндегі жұмысты күшейтуді, сондай-ақ инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенінің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Басу
order neurontin 600mg pills - buy ibuprofen pills for sale buy azulfidine 500mg generic

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: