Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34
Жыл басынан бері еліміздің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 17,4 пайызға қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, оған 19 атауды қамтитын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар енеді.

Өткен аптада және ай басынан бергі кезеңге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2 пайыз, жыл басынан бері кезеңге 17,4 пайызға өсті. Сонымен қатар бюро 5 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа бағасын ұсынды.
Ресми дерекке сәйкес, елімізде бірінші сұрыпты ұнның 1 келісі 220 теңге тұрады. Бірақ, елордада қымбат – 264 теңге. Қазақстан бойынша құмшекердің орташа бағасы 1 келісіне 519 теңге болса, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан – 188, қарақұмықтың 1 келісі – 501, сары майдың 1 келісі – 3 256, 1 литр күнбағыс майы – 824, сиыр етінің (жауырын-төс бөлігі) 1 келісі – 2 200, тауық етінің 1 келісі – 1 138, пастерленген сүттің 1 литрі – 307, картоптың келісі – 183, сәбіз – 206, 10 дана жұмыртқа 369 теңгені құрайды.