Mazir
20 дек 13:47korilim:130 Ekonomika

Елімізде несие және басқа да қарызын төлемей жүрген 7 млн борышкер бар

7 млн-нан астам отандасымыздың берешегі бар. Оның қатарында, несие, микрокредиттік агенттіктер алдындағы қарызы, коммуналдық төлем мен алимент бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде елімізде 7 млн-нан астам борышкер бар. Олар тек банк пен коллекторлық агенттіктерге қарыз емес, коммуналдық төлемдер, алимент бойынша да берешектері бар азаматтар. Ал банктер мен микрокредиттік агенттіктердің алдында 1,5 млн адам берешек. Төлемді өтеу мерзімі 3 айдан асып кетсе, ол азамат берешектер тізіміне енгізіледі. Берешек бойынша мәселені кірістер комитеті сотқа жеткізбей шешу амалдарын ұсынады. Нәтиже болмаған жағдайда сот арқылы шешуге тура келеді», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың дені несие бойынша берешек.

«Берешегі көп өңірлер қатарында Түркістан, Алматы облысы және ШҚО бар. Аталған өңірлерде халық саны көп, сондықтан да қарызданушылар молынан шоғырланған», - дейді ол.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежановтың мәлімдеуінше, бүгінде 3 млн-ға жуық адамның коммуналдық төлем бойынша 20 млрд теңге қарызы бар.

Одан бөлек, 791 мың адамның 20 млрд теңгеге салық қарызы өтелмеген.

Айта кетсек, бүгін Сенат қабырғасында азаматтардың төлем қабілеттілігі және банкроттығы туралы заң жобасын қабылдап, орындалу процесі талқыланды.

Бұған дейін қаржы вице-министрі алимент кешірілетін қарыздар қатарына жатпайтынын айтты.

Сондай-ақ, Қазақстанда банкрот мәртебесін алған азаматтарға 5 жылға дейін несие бермеу қаралып жатыр.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды15:36Абзал ҚҰСПАН, заңгер: ӘР ІСКЕ ӘДІЛ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒА КЕРЕК11:03Алматы облысында жол апатынан екі адам өртеніп кетті11:16Андрей Чеботарев: Сайлаушылар жаңа партияларға дауыс бере алады10:10Шетелдік көліктерді заңдастыру: 5 мыңнан аса адам қазақстандық нөмір алды14:34Алматыда 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды12:30Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді09:57Қарағанды облысындағы карьерде жұмысшы қаза тапты13:05Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы қаралды10:54Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды10:26БІЗ НЕ БІТІРДІК12:26Кәрім Мәсімовтің інісі аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуда11:21Мемлекет басшысы әйелдердің зейнет жасына қатысты заңға қол қойды10:20Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді13:12Алматы: қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған мемориал ашылды11:25