Mazir
01 авг 16:38korilim:1 030 Madeniet

«Азия Дауысы» арма екен?!

Өткен аптада ескі астанамыз Алматыда арадағы жиырма жылға жуық үзілістен соң «Азия Дауысы» халықаралық музыкалық фестивалі қайта жанданған сыңайлы. 
Иә, өткен ғасырдың 90-шы жылы басталып 15 жылдай дәуірлеген соң «Медео» тұрмақ Алматының орталық саябағына сүйретіліп әзер жетіп барып саябырсыған фестиваль өмір сүруін тоқтатқан. 
Осы тұрғыда аталмыш фестивальді қайта жандандыру кімдерге не үшін қажет болды екен? деген сұрақтың талайлардың көкейіне кептеліп тұрғаны тағы жасырын емес.
Дей тұрғанмен сол он бес жылдың ішінде әлемнің әр түкпірінен келген 100 ге жуық елдің өкілдері ән салған сахна бұрын «МЕДЕО» аталса, қазір «МЕДЕУ» аталатыны ғана қазақтың көңіліне медеу. 
«Қазақтың тойы бітпесін!» деп аңқау қазақты арқадан қағып алдап қойып топырлатып тойхана салып тойынып болғандардың жаңа бастамасы ма, жоқ, Алматыны Алма-ата қылуды аңсайтындардың арманы ма, ол жағы әзірге жұмбақ?..
Форматы сәл өзгеше. Шетелдік шеберлерге шектеу қойылған секілді. 
Тек бұрын «МЕДЕО»да ән шырқаған Медеу Арынбаевтар бұл жолы «МЕДЕУ» мұз айдынында ән шырқады. Айырмасы осы ғана сияқты. Қазақ осының өзіне шүкір дейді. 
Қалғанын уақыт көрсетер, күтейік... 

Жарлы БАЙҒАНИН
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: