Mazir
25 май 15:39korilim:409 Madeniet

«Ақпараттық технология саласы терминдерінің бүгіні: ұлт тілі және заман сабақтастығы»


2020 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ақпараттық технология терминдерінің бүгіні: ұлт тілі және заман сабақтастығы» атты онлайн семинар өтеді.
Жаһандану жағдайында қазақтың ғылыми тілін дамыту үшін ақпараттық технология терминдерінің ұлттық үлгісін жасау, жетілдіру, жүйелеу мәселелерін талқылау және шеттілдік терминдерді игерудегі сәтті тәжірибемен бөлісу – семинардың басты мақсаты.
Кей терминдердің түрлі баламада қолданылуы, яғни теледидар, газет-журналдарда, оқулықтар мен әдебиеттерде түрлі баламаларының қатар жүруі, оның ішінде сәтсіз баламалардың болуы шеттілдік терминдерді түпнұсқа түрінде қолдану қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытуға кедергі келтіруде. Осы орайда терминдердің бірізділігін сақтау – өзекті.
Онлайн-семинардың баяндамашылары ақпараттық технология саласындағы жекелеген терминдердің әртүрлі баламада қолданылу фактілеріне тоқталып, қолданыстағы шеттілдік терминдердің үлес салмағын азайтудың жолдарын ұсынады, авторлық қолданыстағы сөздер мен терминдердің ұлттық терминологияны жетілдіруге тигізетін әсері мен салдарын талқылайды.
Сондай-ақ семинарда сала мамандары мен жұртшылыққа әдістемелік жағынан қолдау көрсету көзделеді.
Іс-шараны сала мамандары, филологтар мен жоғары оқу орнының студенттері, жалпы жұртшылық www.termincom.kz сайтының YouTube каналынан көре алады.
Өтетін орны: Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Сауран көшесі, 7а.
Басталуы: сағат 10.00.
Тел.: 8 (7172) 27-30-42
е-mail: orazgul-astana@mail.ru
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Нурикамал Сейітжанова қайтыс болды23:08Найзағай, шаңды дауыл: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды17:48Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады15:33Мәжіліс ЕАЭО туралы Шарт аясында жаңа ратификациялық заң жобаларын мақұлдады12:39«Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы»11:32Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды10:35Қазақстанда әкімдер сайлауын өткізуге 17 миллиардтан астам қаражат жұмсалады17:05Вакцина салдырғандар үшін карантин шектеулері жеңілдетілді16:36UFC-де тағы бір қазақ жекпе-жек өткізеді14:33Қазақстан мұнайшыларының 90%-ы вакцинадан бас тартты13:48Бибігүл Төлегенова министрдің отставкасы туралы: «Бізді лас ойынға араластырып, мазақ етті!»12:02«Коронавирус, кет, кет, кет»: Шымкенттегі тойда ұсталған Марат Омаровтың басы дауға қалды11:48Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады10:33LRT-ні бұзып тастағаны рас па?17:41КХДР жаңа ядролық сүңгуір қайық жасап шығарды16:07