Mazir
22 авг 08:30korilim:5 380 Madeniet

Бір ғасыр бұрынғы қазақ жерінің картасы (фотохронология)


Bairaq.kz порталында Қазақ автономиясының жариялануына, қазақ шекарасының шегенделуіне түрткі болған үлкен жиын мен сонда қабылданған декретке 100 жыл толуына орай мақалалар мен сұхбаттар сериясын жариялау басталған-ды. Порталға сұхбат берген азаматтардың тағылымды әңгімелері жақын арада жарияланбақ. Бүгін назарларыңызға бір ғасыр бұрынғы қазақ шекарасының аумағы мен географиялық эволюция бейнеленген карталарды ұсынамыз. 
***
1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды.

ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қаңтардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді.

Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті.
ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды.

1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды.

1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды.
1925 жылдың сәуірінде республиканын орысша атауы Киргиз АССР-дан Қазақ АССР болып өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: