Mazir
16 сен 15:00korilim:741 Madeniet

Оқытушылардың А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауының баспасөз ақпараты


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы  2020 жылғы   18  қыркүйекте  онлайн режімде Оқытушылардың А.Байтұрсынұлы  атындағы республикалық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты – Алаш қайраткері, ұлт ұстазы, тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік идеяларын жаңғырту, оның ғылыми тұжырымдарының   тілді оқытудағы заманауи әдіснамамен сабақтастығын зерделеу. Байқау барысында  тіл үйретуші мамандардың мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту  және оны сапалы оқыту мақсатында ғалым идеяларын жүйелі жалғастыруы, оның тіл үйретудегі әдіс-тәсілдерін өз жұмысында үйлесімді қолдануы бағаланады. Шара аясында өңірлерде мемлекеттік тілді оқытумен айналысып жүрген әдіскер мамандар, оқытушылар өзара тәжірибе алмасады, әдістемелік біліктіліктерін шыңдайды, озық тәжірибелерімен бөліседі. 
Республикалық байқау төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар қазақ тілінің А1 деңгейіне арналған 15 минуттық бейнесабақ үлгісін көрсетеді. Бейнесабақ үлгісінде оқытушылардың А.Байтұрсынұлы әдістемелік идеялары мен  инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігі  бағаланады. Екінші кезеңде байқауға қатысушылар А.Байтұрсынұлының өмірі, қызметі мен шығармашылығы, әдістемелік ой-пікірлері қамтылған  тест тапсырмаларын орындайды. Үшінші кезеңде  ғалымның   шығармашылығы, тіл үйрету тәсілдері, әдістемелік мақалалары, сондай-ақ тіл үйрету сабақтары барысындағы түрлі педагогикалық-психологиялық жағдаятқа байланысты бейнесұрақтар ұсынылады. Байқаудың төртінші кезеңінде қатысушылар өздерінің соңғы жылы шыққан оқу-әдістемелік құралдары, ғылыми-әдістемелік мақалалары және шығармашылық жетістіктерімен таныстырады.  
Аталған шараға еліміздің 11 өңіріндегі  Тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысады.  
Елімізге танымал ғалым, педагог, әдіскерлерден құралған қазылар алқасы республикалық байқау  жеңімпазын анықтайды. Жеңімпаз бен жүлдегерлер арнайы дипломдар, алғысхаттар және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 44-88-68
Басу
cheap lasuna tablets - diarex order online purchase himcolin online cheap

order colospa 135 mg generic - cilostazol 100mg usa buy cilostazol for sale

rumalaya without prescription - order rumalaya generic buy amitriptyline 10mg generic

mestinon order online - brand sumatriptan order imuran 25mg without prescription

order accutane 10mg sale - order decadron online cheap order linezolid 600mg online

buy generic azithromycin 500mg - order azithromycin 500mg generic bystolic 5mg over the counter

purchase prednisolone pill - azithromycin 250mg price order prometrium 100mg sale

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: