Mazir
07 дек 20:35korilim:862 Madeniet

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін "Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залында партиялық бақылау комиссиясының отырысы болып өтті. Отырысқа партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты.
Бақылау комиссиясының отырысын аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы ашып, жүргізіп отырды. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселе, аудан тұрғындарына медициналық қызмет пен біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі бойынша болды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Күншығар Абилов мәселе төңірегінде атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.
Отырыс барысында аудандық партия филиалы жанындағы бақылау комиссиясының мүшесі Тілеп Ибайдулла Тілепұлы қазіргі таңдағы медицина саласының ақсап тұрған мәселелерін айтып, өз ұсынысын білдірді.


Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: