Mazir
13 дек 12:17korilim:231 Madeniet

«Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер: қазақ тілінің инновациялық жобалары»


2020 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер: қазақ тілінің инновациялық жобалары» тақырыбына онлайн сұқбат алаңын ұйымдастырады. 

Ісшараның мақсаты –   ағымдағы жылы жүзеге асырылған мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық жобаларын және қазақ терминологиясын жетілдіру бағытындағы жобаларды таныстыру, насихаттау.

Сұқбат алаңында шетелдіктерге қазақ тілін үйретуге арналған «Қазақша үйренеміз» веб-қосымшасының оқу контенттерінің ерекшеліктері, шет тілдерін оқытудың креативті әдіс-тәсілдері, ІТ технологиялардың мүмкіндіктерімен қазақ тілін интенсивті оқытудың тиімділігі және қазақ терминологиясының жетістіктері жайлы ақпараттар көпшілік назарына ұсынылады. 

Ісшарада Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Әдістеме, Ақпараттық технологиялар,  Терминология және ономастика басқармаларының  қызметкерлері инновациялық жобаларды жүзеге асыру барысындағы үздік  тәжірибелерімен бөліседі.

Онлайн сұқбат алаңына еліміздегі облыстық Тілдерді дамыту басқармасы және Тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар қатысады. 

Ісшара туралы төмендегі бағдарлама арқылы толығырақ таныса аласыздар. 

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Медведев Назарбаевты құттықтады16:44Қырғызстан "Pfizer" вакцинасынан бас тартты15:37Қазақстан ЮНЕСКО саясатын әзірлеуге қатысады14:07Қазақстанда 19 санитарлық бекет қойылды12:43Цой: Жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салынады11:44ДСМ: Вакцина салдырған адам еркін жүре алатын электрон паспорт енгізіледі11:39«Тақиялы періште» - Әлімғазы Райымбеков қайтыс болды10:50Тәулігіне 6-9 мың адамға дейін: Цой вирус жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін екенін болжады10:42Қазақстан: Жаңа үкімет құрамы бекітілді17:51Алматыда Қуат Хамитовтің соты өтіп жатыр17:38Мембюджеттің 4 млрд. теңгесі қайда, BI Group?17:29Алматы: Модульді ауруханаға бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша тергеу жүріп жатыр16:28Ерлан Қарин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды14:44Қазақстан үкіметі қалай тағайындалады?14:38Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттайды13:17