Mazir
31 дек 16:10korilim:320 Madeniet

Ұлт руханиятын ұлықтайтын - Шалқар радиосына 55 жыл!

Шалқар ұлттық арнасы 1966 жылдың 1 қаңтарында ақпаратты-сазды Шалқар бағдарламасы атауымен алғаш эфирге шықты. 1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласына, кейіннен эфир уақыты ұлғайып, Республика аумағына хабар таратты.
Шалқар радиосы - республикадағы тек қана қазақ тілінде ұлт руханиятын ұлықтайтын жалғыз арна. Радио қазіргі кезде ел аумағының 64 пайызын қамтиды.

Шалқар ұлттық арнасының  басты мақсаты - қазақ халқының рухани құндылықтарын насихаттау. Алғаш ашылғанда «Өнерім-өмірім», «Атадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Алтын тамыр» сынды бағдарламалар арқылы тыңдарман жүрегіне жол тапты.   

Радиода әр жылдары белгілі журналистер: М.Жантикин, Е.Әбдіғаппаров, Т.Рсаев, У.Қыдырханов, Е.Қашқынов, К.Әбдімәуленов, К.Әмірбек, Ғ.Есенсариев, А.Еңсебайұлы, С. Тұрсынбаев, Т.Момбекұлы, Ғ.Игісін, Д.Исабеков, Г.Қабланова, А.Иманбаева, Л.Қапышевалар және талантты дикторлар: С.Жақанова, О.Қалмырзаев, Ұ.Бармашқызы  жұмыс істеді.

Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан арна «Шалқар таңы», «Шалқар шаңырағында, «Шалқар кеші көңілді», «Ән домбыра», «Алтын қор», «Әлқисса», «Сөз киесі», «Ағалардың алақаны», «Киелі Қазақстан», «Күй шашу», «Дәуір сазы», «Әдебиет әлемі», «Абай ұлағаты», «Дәстүр», «Жақсының жары» және «Бесігіңді түзе», «Қонақжай Алматы», «Ғылым кілті», «Сахна сыры» сынды т.б. хабарларын ұсынып келеді. 

Шалқар радиосы ұлттық арна атына сай 2020 жылдың 1 қыркүйегінен басталған жаңа маусымнан тек қана қазақтың дәстүрлі музыкасы мен төл өнерін, ұлттық мәдениеті мен әдебиетін, бабалар мұрасы - қазақтың әні мен күйін, сағындырған  ретро музыкасын, өткенімізден сыр шертетін «Алтын қордағы» асыл қазыналарын насихаттауға түбегейлі бет бұрды. Яғни, Шалқар радиосының контенті де, музыкасы да таза ұлттық бағытқа көшті. Эфирден берілетін музыкалары: тек дәстүрлі музыка, халық әндері, күй, жыр, толғаулар, оркестрде орындалған күйлер, термелер, күйлер мен ретро т. б. Ал арнайы эстрадалық музыкаға арналған  бағдарламада ғана эстрадаға өңделген халық әндері мен қазақы сипаттағы эстрадалық әндер берілуде.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Медведев Назарбаевты құттықтады16:44Қырғызстан "Pfizer" вакцинасынан бас тартты15:37Қазақстан ЮНЕСКО саясатын әзірлеуге қатысады14:07Қазақстанда 19 санитарлық бекет қойылды12:43Цой: Жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салынады11:44ДСМ: Вакцина салдырған адам еркін жүре алатын электрон паспорт енгізіледі11:39«Тақиялы періште» - Әлімғазы Райымбеков қайтыс болды10:50Тәулігіне 6-9 мың адамға дейін: Цой вирус жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін екенін болжады10:42Қазақстан: Жаңа үкімет құрамы бекітілді17:51Алматыда Қуат Хамитовтің соты өтіп жатыр17:38Мембюджеттің 4 млрд. теңгесі қайда, BI Group?17:29Алматы: Модульді ауруханаға бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша тергеу жүріп жатыр16:28Ерлан Қарин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды14:44Қазақстан үкіметі қалай тағайындалады?14:38Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттайды13:17