Mazir
18 дек 11:22korilim:3 398 Madeniet

Қазақтар мен қырғыздардың айырмашылығы

Қазақтар мен қырғыздардың туысқан, түбі бір, дәстүр-салты бір халық екені ешкімге құпия емес. Тіпті, ұлттық тағамдары, қыз ұзату, той жасау, келін түсіру жоралғыларына дейін ұқсас келеді. Ресей империясының көптеген құжаттарында қазақтардың «қырғыздар» деп жазылып келгені де осы себептен болар, бәлкім. Қанша ұқсастық тапқанымызбен, екеуі екі бөлек ұлт, екі бөлек мемлекет.



Демек, біз бүгін осынау төсекте басы қосылмаса да, төскейде басы қосылып жүрген ағайын халық пен өз ұлтымыздың арасындағы айырмашылықтарды іздеп көреміз.
Бірі Орта Азияның кең даласын, бірі Ыстықкөл жағасын мекендеген қос ұлттың айырмашылығын тарихтан басталық.
Қырғыздар – өте көне халық
Алғашында қырғыздар Оңтүстік Сібір мен Енисей өзенінің жоғарғы сағалығын мекендеген. Уақыт өте келе белгісіз себептермен шығыс Тянь-Шань баурайына ойысты. Б.з.д. ІІІ ғасырдың өзінде қытай жылнамашысы Сым Цяньнің «Ши Цзи» деп аталатын туындысында қырғыздар мемлекеті туралы сөз қозғалады.
Шығыс Тянь-Шань бөктерінен қырғыздардың Памир тауының солтүстігіне қарай ойысуына Шыңғыс хан жорықтары себеп болды. алтын Орда мен Ақ Орда күйрегеннен кейін-ақ қырғыз халқынан маза кетіп, дәл қазіргі Қырғызстан территориясына ат басын тіреген.
Қырғыз халқының мол тарихи мұрасы ауызша сақталып келген. Дәлірек айтсақ, жүгі бірнеше томға артылатын «Манас» жыры арқылы.
Қазақтар – жас халық
«Жас халық» деп өз ұлтымыздың тарихына сын артудың бетін ары қылсын. Қазақ руларының тайпалық дәуірдегі тарихын жоққа шығармаймыз. Дегенмен, Қазақ хандығы құрылған уақыт – қазақ ұлтының басы біріккен, мемлекет ретінде қалыптасқан кезеңі. Міне, жалпы, тұтас тарих сол тұстан басталады.
XV ғасырдың орта тұсында Өзбек ұлысының билігіне наразы болған Шыңғыс ханның ұрпақтары – қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібек жеке-дара мемлекет құрады. Бұл тарихи мекен қазіргі Қазақстан территориясының оңтүстік-шығысы, Қозыбасы деген аймақ.
Кейін бытыраңқылық пен алауыздықтың кесірінен ұлттың тағдыры Ресей империясының қолына көшті. Жанкешті ұлт жүз жылға жақын уақыт бойы табанға салған езгі көрсе де, тарих сахнасынан біржола жойылмады.
Сол уақытта қазақ ұлтының да тарихы айтарлықтай бұрмаланды. «»Қырғыз» деді, «Қырғыз-қайсақ» деді... Екінші атау Дон мен Кубань аймағындағы казактармен шатастырмау үшін қойылған.
Қырғыз халқындағы матриархат
Алғашында түркітілдес халықтарда матриархаттық үстемдік орнаған. Төмен етектілердің тақта отырып, ел билеуі Орта Азияда шамамен V ғасырда тәмәм болды.
Оған дәлел – көшпенділер тарихындағы ерлермен тізе қоса атқа қонып, жауға найза сілтеген бұрымдылардың ерлігі.
Матриархат қырғыз халқының қоғамынан ислам дәуірі келсе де, тоқтай қоймады. Оның сарқыншақтарының көрінісі көрші елде әлі де сақталған.
Тарихтағы әйел табының басымдығын айшықтайтын дүниелер қырғыздардың халық жыры «Манаста», Гаврилл Державиннің «Фелица» одасында кездеседі.
Бас киім
Қырғыздардың ак колпогы таулы жердегі қолайсыз ауа-райынан қорғануға негізделген. Желке тұсты жауып тұратын сулығы, конус тәрізді пішімі – қырғыз бас киімінің басты ерекшелігі.
Ал қазақтар айыр қалпақ деп аталатын бас киім киген. Оның қырғыздардан ерекшелігі – конус тәрізді пішін мен етегінің сыртқа айналдырып қайырылуы.
Қырғыз әйелдері элечек деп атаған бас киім киген. Олардың тігісі мен матасы қалың әрі биіктеу көрінетін.
Ал қазақ әйелдерінің кимешегі екі бөлімнен тұрады. Үстіңгі тюрбан мен астыңғы ақ орамал.
Екі елдің бас киімінде де негізгі бөлімдері, пішіндері ұқсас келеді. Әлгіндей кішігірім климаттық жағдайға қарай өзгерген жерлерін қоспағанда.
Тіліндегі ерекшелік
Қазақтар мен қырғыздардың тілін, тіпті, бірдей десек болады. Қазақ пен қырғыз жолыға қалса, екеуіне ешбір тілмаштың қажеттілігі туындамайды.
Тек этникалық қазақтардың тілі ноғайларға жақын болса, қырғыздардың тілі алтайлықтарға бейім.
Сөздің соңы мен қос дыбысты әріптердің естілуі ғана Орта Азияны мекендеген, Алатауды тел емген қос халықтың ана тілі екенін, екі бөлек байланыс құралы екенін айқындайды.

Әділет Мәдениет
Басу
buy generic lasuna over the counter - buy lasuna online himcolin without prescription

purchase cambia online - oral aspirin 75mg purchase aspirin generic

purchase amoxil online cheap - brand diovan combivent 100mcg us

order domperidone 10mg generic - buy cheap sumycin cyclobenzaprine 15mg brand

Guide your plucky chicken across a dangerous road filled with hidden traps in coco! Each successful step multiplies your bet higher and higher until you decide to cash out. With 98% RTP and massive win potential, the thrill never stops — dare to cross now!

FanDuel Casino is America's #1 online casino, delivering non-stop thrills with fuel fortune , exclusive slots like Huff N' Puff, and actual merchandiser force right at your fingertips. Brand-new players make 500 Largesse Spins supplementary $40 in Casino Perk just suited for depositing $10—bonus up to $1,000 dorsum behind on first-day net losses. Calling all Thrillionaires: unite now, butter up your approach, and construct every flash into epic wins!

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: