...Стефан Цвейг (Stefan Zweig 1881-1942) әлемдік ақылдариясының кеңістігіне тәңірі әдейі жіберген жан.Новеллаларымен бүткіл дүниені өзіне қарата алған ұлы суреткер.Бағы мен соры бір терісінің ішіне бірдей орналасқан бейбақ! ХІХ ғасыр оны арғы дәуірден жалғасқан нәрлі құдыретті сүрлеу жолына салып жөнелткен секілді. ХХ ғасыр оны қанды шеңгелімен қарсы алған! Осыдан жүз жыл,дәл бір ғасыр бұрын оның ең ғажайып руһани өмірі арнасынан асып, төгіліп жатты. Тәңірі оған жұмақтай ортаны жұғымды руһты түрде жазуды, көппен бірге кешер қызықты өмірмен қоса тозақтай тірлікті қоса берген тәрізді.1920 жылы Фридерика Мариямен (Friderika Marіa) неке құрды. Өте жайлы тұрмыс оған өндіре жазуға жағдай жасады. Стефан Цвейг құдыретті қаламұшындағы найзағайдың оты! Ұлы дүниеннің елу тілінде мүмкін одан да көп тілдерде оқылатын жазушы, сирек кездесетін талант. Ол солардың бірегейі. Арғы шыққан тегі текті немс. Тағыда бәрін қойғанда тағдыры оған "австриялық" деген мәңгі азаматтық сойды ұсынған.
ХХ ғасырдың өртті дәуірінің жиырмасыншы жылдың тура он жылы Стефан Цвейг үшін жасынды, жаңбырлы,найзағайлы құтырына төгілген қилы ғаламатымен орындалды. Түйдек- түйдек психологиялық новеллаларының басы үрейлі сәттердің ең нәзік қылын шертті. "Үрей" (Fear) шығармасы (1920) жарияланып қараңғы қапаста әбден таптауырын болған адамзат сеніміне көлеңке,селкеу түсірген құбылыстарға қарапайымнан жауап іздеді. Құмарпаздық, садистлік, әйел зорлау, нашақорлық туралы жазды, кейіспен тебіренді. Еуропа түгелімен назарын тікті. Атағы аспандады. Қызғанышқа ұрынды. Дін өкілдері шошынып, шоршып түсті. Соңыра осы туынды орысшаға "Страх" деген атпен басылды. Таланттың даналығы мен азат көзқарасы әсіреқызыл құдайшылдарға жақпауы мен руһының қудалаңға ұрынатын шағы басталды. Мінеки "Амок" немесе "Өмірден безіну", "Белгісіз әйелдің хаты" екі туындысы 1922 жылы ұбақ, шұбақ шыға келуі Стефан Цвейгті өз қандастары мен нацистлердің қаһарына ілігуіне себепші болды. Жазушының тығыз және көп оқылуы - туындының жазылуынан да қатерлі,күрделі күйге тап болатыны әуелден бар құбылыс екен. Алайда Цвейгтің соңынан шырақ алып түскен жөйттің қатігез уағызгері Хена Еренд (Hannah Arendt) деген шайтани пенде оны құртпай тынбайтындай еді. Сол бір ауыр сәттердің түгел сүгіреті иірімделіп сызылған "Шатасу"-ы 1927 жылы жарыққа шықты да жазушыны одан сайын қапас, қараңға батырмақтың соңғы әрекеттері жасала жөнелді. Соңғы жылдары Вена, Берлин,Париж, Брюссель, Лондонда бой тасалап қашып жүрген ғұмыры азаппен өтті. Жазушының жанын алудан бұрын оның жандүниесін жарақаттап,жазалап, азаптап өлтірудің небір сорақы тәсілі қолданылары заңды.Құдайым-ай, 1933 жылы Стефан Цвейгтің бүткіл кітаптары өртелді... Жұбайымен де ажырасты. 1934 жылы Лондонға қашты. Өзі үнемі шығатын апталыққа қыспақ жасалды.Онымен жақындасқан жандардың түгелі қатаң бақылауға алынды.Барақат шіркеудің пәк пірадарлары Стефан Цвейгпен етене жұғысқандығы үшін жазықсыз жаза жүктеді.
Өмірі тірінің тозағына айналды.Саналы оқырмандарынан өңгесі түгел оспадар топтың ығына жығылып оңды,солды боратып пәле, жала жабатын жаман жиіркенішті ғадетті болды.Оны тек шимаймен айналысатын арам ниетті жансыз шайтанилар қастандылықпен жасатты. Тіпті өзінің қолдап жүретін санасыз атаққұмар, даңгөй,шизолы есалаң шәкірттеріне тіл тигізуді ұйымдастырды. 1939 жылы өз хатшысы Лотте Алтманнмен (Lotte Altmann) үйленді. Соңынан ерген елесті есалаңдардың құрығынан құтылу машақаты оны мүлдемге жаныштап бұқтырып тастады.Бұқпа ауруына тап болды.Ауру емес - арсаланып, жаншылуы,титықтауы еді! Ақыры құтыла алмады.1941 жылы дүниені түгел қырғындай басаған ІІ жаһандық қанды соғыс басталар алдында ғана "Ақиқат ойыны" атты соңғы новелласы жарық көрді! Қайран дүниенің пәнилік қайыры жалғасарын білді,білмеді кім сенер!? Әлдеқандай күн туғанда оқырманы ақиқат майданында болған жазушының жан дүниесін ұқсын деді ме!? Кім білсін!? Кең көлемде өсиетхат жазып қалдырды!
Ақыры, 1942 жылы өз үйінде тапа-тал түсте шағын кітапханасының алдында күллі новеллаларын құшақтап жатып,әйелі екеуі у ішіп дүние салады! Қасіретті жалғанның жазықсыз жазушысы осылай жаһанамнан жай тапты.
Сұраған Рахметұлының ФБ дағы парақшасынан
Басу