Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Түркістан облысының Ордабасы ауданында кітапты көп оқитын оқушыларға қозы беріліп жатыр. ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, тың бастаманы Ордабасы ауданындағы Бөржар ауылдық округінің әкімі Серғали Құрымбеков қолға алыпты.
Жазғы демалыс кезінде оқушылардың кітап оқуға құштарлығын арттырған ол ең үздіктеріне қозы үлестіріп беріп жатыр. Өткен айда 3 бала үйіне қозы жетектеп барса, бұл айда жүлде қоры 5-ке көбейген. Демеушілер – ауыл азаматтары.
«Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев әр жиналыста жұмысты жаңа бағытта жүргізу керектігін айтып отырады. Содан осы идеяны ұсындым. Мұндағы мақсат – «Балалар жылына» орай балаларды ынталандыру. Сондай-ақ, соңғы кезде балалар ұялы телефоннан бас алмай қалды. Шомылуға өзен жағалап кетіп қалатындары да бар. Осы жайттарды ойластыра келе жасөспірімдердің кітап оқуға құштарлығын арттырмақ болдық. Ауыл азаматтары Нұрсұлтан Елтаев, Нұржан Базарбаев, Қайрат Биназаров қолдау білдіріп, демеушілік жасады», – дейді ауыл әкімі Серғали Құрымбеков.
Өткен айда жүлдеге тігілген үш қозы 6 сынып оқушыларына бұйырыпты. Ал, бұл жолғы бес қозыны беру кезінде ережеге біршама өзгерістер енген. Яғни, оқушылар кітаптың мазмұны бойынша түсінік айтып береді. Бұл шара тамыз айында да жалғасын таппақ.
Басу