Mazir
02 ноя 11:03korilim:1 477 Madeniet

Түркияда А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті

ТҮРKСОЙ аясында Түркияның Ыстамбұл қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі өркениеті» атты ғылыми конференция өтті. 

Конференцияны ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде: «Ахмет Байтұрсынұлы – түркі халықтарына ортақ ұлы тұлға. Оның ілімі халықаралық ғылыми кеңістікте, әсіресе, түркі әлеміндегі гуманитарлық ғылымдарда реформаторлық идеяларымен ерекшеленеді», – деп  атап өтті.


Конференцияға Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Мажидли Физули, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы  Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Ыстамбұл университетінің ректоры Махмут Ак, Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына Қазақстан-Түркия бағытында велошеру арнаған аудармашы, журналист Ернат Мелсұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Отандық және Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстаннан алаштанушы, ахметтанушы ғалымдар баяндама жасады.


Алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор  Тұрсын Жұртбай өз баяндамасында: «Ұлттық тәуелсіз сана туралы идеяның тұғырын Әлихан Бөкейхан саяси тұрғыдан қалыптастырса, Ахмет Байтұрсынұлы соның идеялық негізін тікелей орнықтырды деп есептеймін» десе,   филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақова «Ахмет Байтұрсынұлы – отарлауға қарсы тұрған Ұлт ұстазы» атты баяндамасында: «Жазған сөз жаным ашып Алашыма!» деп өзінің өмірлік ұстанымын айқындап алған Ахмет Байтұрсынұлы Отанға адал қызмет етудің үлгісін көрсетіп кеткен бірегей ғалым», - деді.


Сонымен қатар, аталған конференцияда Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жандос Смағұлов «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы», А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадық «Ұстаз жолы: ауыл мұғалімінен Білім министріне дейін», Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы (Өзбекстан Республикасы) Маханбет Жүсіпов «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ және жалпы тілтанымында тіл, тілдесім, тілдесімдік қызмет, тіл материалы ғылыми ұғымдары концепциясының негізін қалаушы», Қ.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік гуманитарлық университетінің профессоры, филология ғылымының докторы (Қырғыз Республикасы) Ташполат Садықов «А. Байтұрсынұлы және қырғыз тілтаным терминологиясының қалыптасуы», Баку Славян университеті Түркология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы (Әзербайжан Республикасы) Нурида Новрузова «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі тілдеріндегі терминология принциптері туралы» тақырыптарында баяндама жасады.


 Конференция аясында Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін танытуға арналған кітап көрмесі, ұлт ұстазының өмірі мен қызметіне арналған фотокөрме ұйымдастырылып, «Қазақ өркениеті және Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Конференция барысында «Ахмет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары» (қазақ, түрік, ағылшын, орыс тілдерінде) кітабының және Халықаралық Түркі академиясы тарапынан ұсынылған Райхан Имаханбеттің «Ғасыр саңлағы» кітабының тұсаукесері өтті.


Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды15:36Абзал ҚҰСПАН, заңгер: ӘР ІСКЕ ӘДІЛ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒА КЕРЕК11:03Алматы облысында жол апатынан екі адам өртеніп кетті11:16Андрей Чеботарев: Сайлаушылар жаңа партияларға дауыс бере алады10:10Шетелдік көліктерді заңдастыру: 5 мыңнан аса адам қазақстандық нөмір алды14:34Алматыда 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды12:30Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді09:57Қарағанды облысындағы карьерде жұмысшы қаза тапты13:05Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы қаралды10:54Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды10:26БІЗ НЕ БІТІРДІК12:26Кәрім Мәсімовтің інісі аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуда11:21Мемлекет басшысы әйелдердің зейнет жасына қатысты заңға қол қойды10:20Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді13:12Алматы: қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған мемориал ашылды11:25