Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Қазақстандық "Ұлы дала зары" фильмі жылдың басты киножүлдесіне - голливудтық "Оскарға" ұсынылды.
Фильмді еліміздің Кинематографистер одағы жанындағы Қазақстанның Оскар комитеті таңдады. Қазылар алқасының құрамына кино өнерінің белгілі қайраткерлері кірді: Асанәлі Әшімов, Олег Борецкий, Фархат Әбдірайымов, Фархад Шәріпов, Арман Асенов, Сатыбалды Нарымбетов және Қанат Төребай. "Ұлы дала зары" фильмін жүлдеген ұсынуға қазылар алқасының жеті мүшесінің төртеуі дауыс берді, екеуі қарсы болды және біреуі қалыс қалды.
Картина байқауда "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясы бойынша бақ сынайды. Фильмнің продюсері - Ернар Мәліков, режиссері және сценарисі - Марина Кунарова.
"Ұлы дала зары" көркем фильмі Қазақстанның байырғы тұрғындарының басына түскен нақты тарихи оқиғаларға негізделген. Фильм 1920-30 жылдардағы аштық туралв, елдегі халықтың 70 пайызын құрайтын 8,5 миллионға жуық адам аштықтан қаза болған кезді баяндайды. Сонымен қатар, 1,5 миллионнан астам адам өз Отанын тастап, басқа елдерге кетуге мәжбүр болды.
