Mazir
26 июн 10:05korilim:898 Onir tynysy

Ақтауда жүрген арыстанның иесі түрмеге қамалуы мүмкін


Жыртқыш адамдарды қатты қорқытқан.  Бұрын хабарланғандай, Ақшүкір ауылының тұрғындары қауіпті жыртқышты таңертең байқап, желіге видео жариялаған. Бейне авторлары көлікке тығылып, полиция шақырған. Тәртіп сақшылары дер кезінде жыртқыш аңды ұстады.

Мәскеу циркіне тиесілі арыстанның Ақтауда карантин уақытында тұрып қалғаны туралы ақпаратты полиция жоққа шығарды. Кейінірек Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі Сәкен Ділдахмет жыртқыш аң Қошқар ата зиратының жанында бақылауда болғанын айтты.

Енді оның иесі сирек кездесетін аңды заңсыз иемденгені және ұстағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: