Juldyzdar jarqyly
Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34
Павлодарда өлке тарихын баяндайтын кітап жарық көрді
ПАВЛОДАР. BAIRAQ.KZ - «Өмір жаңалықтары» атты кітапқа аштықтың азабын, соғыстың зардабын көрген ақын Қимадиден Нығымановтың өмірлік естеліктері енген, деп хабарлайды pavlodarnews.
- Кітапта автордың өз басындағы жағдайлар ғана емес, жалпы қазақ халқының өткерген қасіретті жылдарының оқиғалары қамтылады. Жаңа туындының редакторы, әрі құрастырушысы Бейбіт Бөженнің айтуынша, жинақ өлке тарихын зерттеушілер үшін құнды мәліметтерге толы. - Көбінде-көп біз Қимадиден Нығыманов туралы айтқанда оның газет беттерінде жазылған қысқаша өмірбаянмен шектелеміз, - дейді Бейбіт Бөжен. – Бірақ ағамыздың Арғыннан тарайтын Бәсентиін-Ақтілес руының түп тарихын таратқанын, оның ақындық талан екендігіне көз жеткізе бермейміз. Қимадиден Нығымановтың «Өмір жаңалықтарында» баяндалатын деректер ауылдастары Сауыт Ахметұлы, Иләл Жүсіпұлы секілді ақсақалдардан ауызынан жазып алған. Кітап 200 данамен шыққан. Айта кетейік, Қимадиден Нығыманов 1924 жылы 11 қаңтар күнi Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жаңабет ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман-есен оралғаннан кейін туған колхозында құрылыс-бригадиры, электро-монтер болып жұмыс істейді. Тың игеру басталған жылдары «Тыңдағы ту» поэмасын жазып, ақындығымен таныла бастады.
Басу