Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Nomad City Hall залында «Абай тағылымы – Тәуелсіздіктің тірегі» атты республикалық ақындар айтысының ақтық мәресі өтті.
Дүбірлі доданың нәтижесінде Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Алтын домбыра» мен республикалық ақындар айтысындағы бас жүлдені Мұхтар Ниязовқа табыстады.
1-орынды Бекарыс Шойбеков, 2-орынды Еркебұлан Қайназар, 3-орынды Серік Қуан иеленді.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында еліміздің мәдениет саласына, оның ішінде ұлтымыздың дәстүрлі айтыс өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Дариға Мұштанова, Серік Ыдырысов, Ақмарал Леубаева, Әбілхайыр Сыздықов, Жібек Болтанова «Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Республикалық ақындар айтысының ақтық мәресіне халықаралық және республикалық айтыстың жеңімпаздары, «Алтын домбыра» иегерлері Мұхтар Ниязов, Серік Қуанған, Еркебұлан Қайназар, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Қазырет Бердіхан, Бекарыс Шойбеков, Айбек Қалиев қатысты.
Биылғы дүбірлі доданың әділқазы алқасына көрнекті өнер қайраткері, Қазақстан және КСРО Халық артисі, «Отан», «Құрмет» орденінің иегері – Асанәлі Әшімов төрағалық етті.
Басу