Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34
Оралда өртте қарт адам мен сегіз жастағы бала қаза тапты. Көршілері зейнеткер мен оның немересін өрттен алып шығуға тырысқан, бірақ құтқара алмады, - деп хабарлайды "Мой город".
Портал мәліметінше, өрт 11 желтоқсанда Куличев көшесіндегі үйде шамамен 23.00-де басталған. Тәртіп сақшылары үйде зейнеткер мен немересінен басқа да отбасы мүшелері болғанын атап өтті.
"Қазіргі уақытта үйде бір отбасының бес адамы болғаны белгілі. Өкінішке қарай, қарт адам (атасы) мен сегіз жастағы баланы құтқара алмадық. Отбасының тағы бір мүшесін жедел жәрдем көлігі алып кетті", - дейді Орал полиция басқармасының бірінші орынбасары Жантемір Иманалиев.
Көршілері отбасыға көмектесу үшін жанып жатқан үйге кіруге тырысқанын айтады. Алайда, өрттің қатты болғаны соншалық, олар көмектесе алмаған.
"Үйде болғанбыз, сол кезде қақпаның соғылғанын естідік. Кейін баланың "Ана, ана!" деген даусы естілді. Терезеге қарасақ, бәрі жанып жатыр. Жақсы отбасы, отағасы кәріз машинасында жұмыс істейді", - деді көршісі Владимир Горбунов.