Mazir
08 янв 16:53korilim:791 Onir tynysy

Тұман, бұрқасын: Еліміздің үш аймағында дауылды ескерту жарияланды


Ауа райына байланысты үш облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет. 9 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с болуы мүмкін. 

9-13 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. 12-13 қаңтарда кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 9 қаңтарда күндіз, 10-13 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 12, 13 қаңтарда екпіні 23-28 м/с болады.

Тараз қаласында 9-13 қаңтарда кей уақытта тұман түседі. 12, 13 қаңтарда көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

9 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші – 15-20 м/с. 

Петропавл қаласында 9 қаңтар күндіз жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Нурикамал Сейітжанова қайтыс болды23:08Найзағай, шаңды дауыл: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды17:48Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады15:33Мәжіліс ЕАЭО туралы Шарт аясында жаңа ратификациялық заң жобаларын мақұлдады12:39«Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы»11:32Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды10:35Қазақстанда әкімдер сайлауын өткізуге 17 миллиардтан астам қаражат жұмсалады17:05Вакцина салдырғандар үшін карантин шектеулері жеңілдетілді16:36UFC-де тағы бір қазақ жекпе-жек өткізеді14:33Қазақстан мұнайшыларының 90%-ы вакцинадан бас тартты13:48Бибігүл Төлегенова министрдің отставкасы туралы: «Бізді лас ойынға араластырып, мазақ етті!»12:02«Коронавирус, кет, кет, кет»: Шымкенттегі тойда ұсталған Марат Омаровтың басы дауға қалды11:48Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады10:33LRT-ні бұзып тастағаны рас па?17:41КХДР жаңа ядролық сүңгуір қайық жасап шығарды16:07