Mazir
22 фев 10:14korilim:668 Onir tynysy

Алматы қаласының бюджетіне қосымша қаражат неге қажет болды?


Алматы қалалық мәслихатының қаауына жалпы суммасы 91,8 миллиард теңгені құрайтын қосымша қаражатты бекіту туралы ұсыныс енгізілді. 

Мәслихаттың баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қосымша ақша келесі бағыттарға жұмсалмақ: 

1. Әлеуметтік бағытта – 33 млрд теңге: 

- білім беру орындарын дамыту: ағымдағы шаралар және 6 білім беру мекемесіне реконструкция жасау); 
- денсаулық сақтау: төрт түрлі ауруға шалдыққан азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, келісім-шарт бойынша медициналық жабдықтарды сатып алу, медициналық қалдықтардың көзін жою, медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу; 

2.Қоғамдық әл-ауқат: қоғамдық үйдің ғимаратын жөндеу, Балалар үйін жөндеудің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу, әлеуметтік көмек ретінде 2000 тұрғын үй сертификатын табыстау.

3. Мәдениет және спорт: Зерделі ықшам ауданында дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы, Қазақстан Жазушылары Одағы ғимаратына реконструкция жасаудың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу.

4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (21,2 млрд теңге): ондаған ауыз су құбырларын, электр тасымалдаушы нысандарды жөндеудің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу, Наурызбай ауданының құрылысын жүргізу үшін және «Айнабұлақ» ТМ 18 жылу магистралінің реконструкциясын жүзеге асыру үшін газ тасымалы жолдарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу. 

5. Көлік инфрақұрылымы (10,6 млрд теңге): метрополитенмен жолаушылар тасымалдау қызметін субсидиялау, Рысқұлов пен Емцов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы, BRT жүйесіне реконструкция жұмыстарын жүргізу, 30 бағдаршам мен 70-ке жуық жаяу жүргіншілер жолағын салу. 

6. Қала көркін арттыру және абаттандыру (22,1 млрд теңге): төрт өзен арнасына реконструкция жүргізу, 17 субұрқақты техникалық жағынан қадағалау. 

7. Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік, төтенше жағдай – 4,2 млрд теңге. 

8. Басқа да қажеттіліктер үшін – 0,7 млрд теңге.
Басу
order diclofenac 100mg without prescription - oral aspirin 75 mg order aspirin 75mg pill

buy amoxil pills for sale - combivent price order combivent 100mcg pills

order azithromycin 500mg for sale - order tinidazole sale order bystolic 5mg without prescription

cost prednisolone 5mg - buy cheap omnacortil where to buy prometrium without a prescription

purchase acyclovir generic - acyclovir online purchase rosuvastatin generic

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: