Mazir
05 июн 11:03korilim:1 382 Onir tynysy

Қазақстандағы климаттың өзгеру себебі айтылды

Жаһандық климаттың өзгеруі Қазақстанға ықпал ете бастады. Климатологтардың пікірінше, басты себеп - жер бетіндегі орташа температураның жоғарылауы. Сондықтан біздің өңірге тән емес торнадо, шаңды дауыл пайда бола бастады. Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы жобаларының климат жөніндегі бас техникалық кеңесшісі Сәулет Сәкенов мәлімдеді. 

Саулет Сәкеновтің айтуынша, Қазақстандағы орташа температураның өсу қарқыны өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап әрбір он жыл сайын 0,28 градусты құрайды.

"Біз "Қазгидрометпен" бірлесіп, алдағы 100 жылда орташа температура қандай болатыны туралы зерттеулер жүргіздік. Зерттеу Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым ұсынған жаһандық климаттық модельдерді қолдана отырып жүргізілді. Ғасырдың аяғында орташа температура 4-6 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Біреу бұл ештеңе емес деп ойлайды, бірақ іс жүзінде мұндай өзгеріс тіршіліктің барлық салаларына күрт әсер етеді. Әсіресе, белгілі бір ауа-райы жағдайларына үйренген фермерлер мен агрономдарға ауыр тиеді. Егер олар дайын болмаса, егінді, малды жоғалтады", - деді ол.

Маман жаһандық өзгерістердің басталғанына сенімді. Оның айтуынша, шаңды дауыл және торнадо тек көзге көрінетін өзгерістер. 

"Торнадо немесе шаңлы дауыл күн күркіреген кезде, ауа су буымен қаныққан кезде пайда болады. Бұл орталық және Солтүстік Америка үшін әдеттегі құбылыс, өйткені ол жерде мұхиттар бар. Қазақстанда және Ресей Федерациясының басым бөлігінде торнадо пайда болатындай су көлемі жоқ. Дегенмен, климат немесе табиғат, торнадо пайда болуына қолайлы жағдайларды табады. Бұл қандай да бір көл немесе тоған болуы мүмкін. Жойқын торнадо болатынына сенімді емеспін, бірақ бұл құбылыс біздің аймақ үшін өте таңқаларлық дүние. Егер елеулі залал келтірілсе, бұл климаттың өзгеруі басталғанын көрсетеді", - деді ол.
Басу
cheap rumalaya online - purchase rumalaya buy generic endep for sale

purchase baclofen online cheap - order baclofen 10mg pill buy piroxicam 20mg generic

order absorica without prescription - buy isotretinoin generic buy zyvox 600mg

order zovirax without prescription - allopurinol oral rosuvastatin over the counter

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: