Mazir
27 дек 10:25korilim:1 030 Onir tynysy

Алматыдағы апат: ұшақ құлауының себебі


Алматы көгіндегі ұшақтың қос қабатты үйге «тұмсық тіреуіне» көліктің мұзға немесе суық ауаға қарсы жүйесінің сыр беруінен болуы ықтимал. Ақпаратқа ие дереккөздер осылай деп дабыл қақты. 




«Ауа-райының қолайсыз екені көзге көрініп тұр. Тұманды көкке көтерілетін ұшақтың қанаттарында осындай күн райына қарсы жүйе жұмыс жасауы керек. Оның арнайы сұйықтықтары да бар. Бұл жүйе алғашқы 15-20 минутта ғана әсер етеді. Мүмкін, сұйықтықтың сапасы нашар болды, мүмкін, күші жетпеді. Алматыдағы әуежайда ұшақтар кейде кезекке тұрып қалады. Сол уақытта әлгі жүйенің уақыты өтіп кеткен болуы да ғажап емес. Демек, апаттың себебі деп бірнеше фактор келтіруге болады. Қазір барлық қызметкерлер зардап шеккендерді эвакуациялап жатыр», - деген есім-сойы белгісіз жауапты азамат журналистерге. 

Оның айтуынша, дәл осындай апатты жағдай 2013 жылдың қаңтар айында да орын алған екен. 

«Ол кезде апатқа ұшыраған «Scat» компаниясының Bombardier ұшағы еді», - деді ол.

2013 жылы 29-қаңтарда «Scat» компаниясының Canadair CL-600-2B19 лайнері Көкшетау - Алматы бағытындағы жоспарлы ішкі рейстен оралған. Жерге қонар-қонбастан апатқа ұшырап, борттағы барлық адам қаза тапқан. Лайнерде 21 адам болған: 16 жолаушы және экипаждың мүшесі. 

Бүгін Алматы қаласындағы таңғы сағат 07:22-де Bek Air (рейс №Z2100 Алматы – Нұр-Сұлтан) компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған.

Ұшақ екі қабатты үйге соғып, нәтижесінде бірнеше адам жарақат алып, 14 адам қаза тапты деген ақпарат бар. ҚР Премьер-министрінің басшылығымен арнайы комиссия құрылып, апаттың салдары анықталуда. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, кінәлілердің барлығы заң аясында қатаң жазаланады деп уәде берді. 

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Нурикамал Сейітжанова қайтыс болды23:08Найзағай, шаңды дауыл: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды17:48Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады15:33Мәжіліс ЕАЭО туралы Шарт аясында жаңа ратификациялық заң жобаларын мақұлдады12:39«Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы»11:32Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды10:35Қазақстанда әкімдер сайлауын өткізуге 17 миллиардтан астам қаражат жұмсалады17:05Вакцина салдырғандар үшін карантин шектеулері жеңілдетілді16:36UFC-де тағы бір қазақ жекпе-жек өткізеді14:33Қазақстан мұнайшыларының 90%-ы вакцинадан бас тартты13:48Бибігүл Төлегенова министрдің отставкасы туралы: «Бізді лас ойынға араластырып, мазақ етті!»12:02«Коронавирус, кет, кет, кет»: Шымкенттегі тойда ұсталған Марат Омаровтың басы дауға қалды11:48Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады10:33LRT-ні бұзып тастағаны рас па?17:41КХДР жаңа ядролық сүңгуір қайық жасап шығарды16:07