Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34
Қылмыстық әрекет 2016 жылдың 23-нен 24-іне қараған түні Орал қаласында жасалған. Сол күні әріптестер отырысынан қайтқан 31 жастағы әйелге белгісі ер адам шабуыл жасайды. Қылмыскер өз құрбандығының денесіне сегіз жерден пышақ ұрып, ұялы телефонын алып кеткен.
Пышақ жарақатын алған әйел көпке дейін ес жинай алмайды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бірнеше сағаттық ота жасаған.
«Алғашында қылмыскер әйелдің ұялы телефонын алу мақсатында шабуыл жасады деген нұсқа бойынша жұмыс істедік. Бірақ зерттеу барысында қылмыстың тапсырыспен орындалғанын аңғара бастадық», - дейді ІІД баспасөз қызметі.
13-мамыр күні полиция қызметкерлері БҚО, Теректі ауданына қарасты Федоровка ауылының тұрғынын құрықтайды. Тергеу барысында қылмысты жасаған 1980 жылы туған И. есімді азамат екені, ал тапсырыс беруші Теректі ауданының бұрынғы әкімі, 38 жастағы Серікқалиев екені анықталған.
«Серікқалиев алимент төлемеу үшін және 2013 жылы некеден тыс туған қыздары үшін мүлікті бөлуден қашып, ауыр қылмысты ұйымдастырып, оны орындауға тапсырма берген. Қылмыс жасалғаннан кейін ұялы телефонды міндетті түрде алып кетуді бұйырған. Өйткені онда екеуінің хаттары сақталған болуы мүмкін еді», - деп мәлімдеді БҚО ІІД баспасөз қызметі.
Айыпталушылардың барлығына ҚР ҚК 24-бап, 99-баптың 2-тармағының 7-бөлімі, 8-бөлімі бойынша кінә тағылған.
Айыпты азаматтар заңға сәйкес 15-20 жыл аралығында бас бостандығынан айырылып немесе өмір бойына жаза кесіліп, мүлкі тәркіленуі мүмкін.
Басу