Mazir
17 июн 11:21korilim:1 714 Sayasat / Ekonomika

Қоғам назарын аударған заң қабылданды


Қазақстан Республикасының Парламенті «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңды қабылдады. 
«Сенат депутаттары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Бұл өзгертулер мен толықтырулар Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының негізгі мазмұнын бұзбайды. Қоғамдық-мәдени даму комитеті Сенат депутаттары енгізген өзгертулер мен толықтыруларға келісім берді», - деп мәлімдеді депутат Зәуреш Аманжолова Мәжілістің пленарлық отырысында. 
Сондай-ақ, депутаттар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заң жобасына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары енгізген өзгертулер мен толықтырулар туралы» заң қабылдады. 
«Сенат депутаттары заңға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Кейбір санаттағы құқық бұзушылықтар қылмыстық кодекстен алынып, әкімшілік құқық бұзушылық санатына көшірілді. Аталған өзгертулер мен толықтырулар заң жобасының негізгі мазмұнын өзгертпейді. Қоғамдық-мәдени даму комитеті аталмыш заң жобасымен танысып, өзгертулер мен толықтыруларды қабылдауға ұсыныс білдірді», - деді Зәуреш Аманжолова. 
Еске сала кетейік, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заң жобасы негізінде сенаторлар дәрігерлік қателіктерге қолданылатын жазаны жеңілдетті. 
«Мәжіліс бекіткен заң жобасын талқылау барысында бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы негізінде медицина қызметкерлерінің жұмыс барысында жіберілетін қателіктерін қылмыс санатынан алып тастау мәселесі қозғалды», - деді сенатор Андрей Лукин. 
Айта кетейік, аталған заң жобасында темекі өнімдері, электронды шылымдар және вакцинация мәселелері қамтылады. 
Басу
celecoxib 200mg pills - buy indocin 50mg buy indocin 50mg generic

purchase voveran generic - cheap voveran pill buy nimotop no prescription

prednisolone 20mg for sale - prometrium usa progesterone generic

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: