Mazir
19 июн 09:12korilim:782 Sayasat / Жаңалықтар

Мамин оқшаулану режимінен шықты. Неге?


ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин оқшаулану режимінде қажетті уақытты өткізіп, штаттық режимдегі жұмысына кірісті. Маминнің екінші мәрте тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз хатшысы Садық Әкіжанов мәлімдеді. 
Бұдан бөлек, оқшаулану режиміне көшкен Білім және ғылым министрі Асхат аймағамбетовтың, Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаровтың, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың кезекті сынамалары теріс нәтиже көрсетіп, жұмысына қайта оралған. 
Қазір Үкіметтің барлық жиындары мен отырыстары селекторлық режимде өткізілуде. Үкімет ғимараты мен министрлер үйінде санитария талаптары күшейтіліп, қызметкерлердің 80 пайызы қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: