Mazir
19 июн 12:04korilim:1 100 Sayasat / Ekonomika

ҰҚК-ның экс-төрағасы бостандыққа шықты


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев шартты түрде уақытынан бұрын бостандыққа шықты. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының судьясы Елдос Жұмақсанов мәлімдеді. 
Судьяның айтуынша, ҚР ҚК 2019 жылы енгізілген түзетулеріне байланысты орташа қауіпсіздіктегі колнияда отырған жазасын өтеушілер уақытынан бұрын бостандыққа шыға алады. Өйткені, олардың уақытша ұстау изоляторында отырған уақыттары бір жарым тәулікке саналады. 
«Сот уақытты қайта есептеуге міндетті. Күшіне енген заң аясында 30-сәуір күні оның уақыты қайта есептелді. Оның негізгі уақытының жартысынан астамын өтеуіне және жасына (64 жас) байланысты сот оны уақытынан бұрын шартты түрде босатты», - деді Елдос Жұмақсанов. 
Дүтбаевты уақытынан ерте шартты түрде босату туралы қаулы 18-маусым күні күшіне енді. 
2017 жылы Нартай Дүтбаев мемлекеттік құпияларды жариялағаны үшін және қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Оны «генерал-лейтанант» шенінен және мемлекеттік наградаларынан айырып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне шектеу қойды. 
2018 жылы Дүтбаевты басқа іс бойынша соттады. Билікті асыра пайдаланғаны үшін, бөгде мүлікті пайдаланғаны үшін, қылмыстық жолмен алынған қаражатты игергені үшін ҰҚК бұрынғы төрағасына 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Кейін Жоғарғы сот оның жазасын 11 жылға азайтты. 
Басу
purchase lasuna for sale - how to buy diarex where to buy himcolin without a prescription

voltaren over the counter - buy voltaren 50mg order aspirin 75mg sale

rumalaya where to buy - order generic rumalaya how to get endep without a prescription

purchase amoxicillin for sale - order diovan 80mg online buy combivent 100 mcg

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: