Mazir
21 июн 11:30korilim:854 Sayasat

Министр Ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты мәлімдеме жасады


ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі тестілеу базасына бас сұқты. Ведомство басшысы түлектерді аудиторияға кіргізу тәртіптерін бақылап, оларға сәттілік тіледі. 
Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстанда 21 маусым, жексенбіде басталды және 2020 жылдың 5 шілдесіне дейін жалғасады. Бүгін барлығы 6512 үміткер тестілеуден өтеді.
«Балалардың көңіл-күйі көтеріңкі. Біздің қолданған шараларымыз – тестілеу уақытын ұзарту, калькулятор қолдануға рұқсат беру, мектептердегі қорытынды емтиханнан босату, тегін дайындық тесттерді көбейту оларға жақсы әсер еткен сияқты. Ата-аналар талаптарды орындап, балаларын әкелді де қайтып кетті. Аудиторияда да балалар аз болады. Өйтукені біз дәстүрлі 5 лекті 15 лекке создық. Санитарлық талаптар да өз деңгейінде орындалып жатыр», - деді ол. 
Биыл 131 755 адам ҰБТ тапсыруға ынта білдірген, олардың ішінде 111 109 адам мектепті биыл бітірген. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: