Mazir
04 июл 22:42korilim:4 698 Sayasat

Дәрігер: Президент мырза, адамдар вирустан емес, қате емнен өліп жатыр (видео)


Қазақстандық дәрігер өзі кеңес берген бірнеше адам ауруханадан дер кезінде шығып, жеке емделу арқылы жазылғанын, қазіргі ауруханалардағы протоколдарды өзгерту керек екенін айтты. 
«Қайырлы күн! Мен мемлекет басшысына үндеу жолдап отырмын. Мен соңғы бес күнде Қазақстан бойынша онлайн түрде тегін кеңес беріп келемін. Мен коронавирустан емдеу протоколын өзгертуді сұраймын. 
Мен инфекциялық стационарларда қалай емдеп жатқанын толық білмеймін. Мен бір науқасты зерттедім. Ол ауруханаға түскенде өкпесінің 20 пайызы ғана қабынған еді. Бірнеше күннен соң оның өкпесін толық су басып, қабынған. Бұл – коронавирус емес, бұл қабыну. 
Емдеу барысында қабылданып жатқан дәрілер дұрыс қолданылмай отыр. Қазақстанда күні бүгінге дейін қажетті ерітінділер жоқ. Ешкімді кінәламаймын, бірақ бұл – шындық. Асқынуды тоқтату – ең басты міндет. 
Мен протоколды қайта қарайды және адамдардың жаппай өлімі саябырсиды деп сенемін. Осылай үміттенемін. Егер дұрыс жолмен емдесе науқастардың басым бөлігін аман сақтап қалуға болады. Бұл әбден мүмкін», - деді дәрігер. 
Видеоны көру үшін басыңыз.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: