Mazir
06 июл 18:39korilim:3 820 Sayasat / Qazaqstan

Елбасы туған күнінде халыққа видеоүндеу жолдады (видео)


Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан қазақстандықтардың барлығына аман-есен жазылып шығуына тілекші екендігін білдірді. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жариялады.
«Қадірменді халайық! Бәріміз де қиын кезеңді бастан кешіріп жатырмыз. Бүкіл дүниемен бірге көріп жатқан нәрсе бұл. Мен ол қиыншылықтарды өз басымнан өткіздім. Осы кезде жанашырлық білдірген барлық жерлестеріме, отандастарыма шын көңіліммен тағы бір ризашылығымды айтқым келеді. Сіздердің Қазақстанның әр саласынан, әр түкпірінен, әрі өнеркәсіптен, мәдениеттен, спорттан, денсаулық сақтау жүйесінен маған айтып жатқан тілектеріңіздің арқасында күш-қуат алып, емделіп шықтым. Көп рахмет. Қазір де сырқаттанып жатқан, қиналып жатқан жандар бар. Солардың баршасы аман-есен шығады деп сенемін. Себебі оған сену керек. Көнбеу керек, жеңу керек. Біз одан күштіміз деп санасаңыздар барлығын жеңеміз. Біз көп нәрсені жеңіп келе жатқан батыр бабалардың ұрпағымыз. Құдай бұйыртса, бұдан да өтеміз. Енді менің туған күніне орай бүкіл дүниежүзінен, Қазақстанның түкпір-түкпірінен құттықтаулар мен ізгі тілектер алып, оқып жатырмын. Құттықтау жолдаған барлық шет мемлекеттердің басшыларына, қайраткерлері мен саясаткерлеріне және қазақстандықтарға рахметін айтамын, баршаға шын көңілімнен үлкен табыс, бақыт тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бұл нәубеттен де біз өтеміз. Ертеңгі күні жүзіміз жарқын болып, талай кездесетін боламыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Басу
how to get cambia without a prescription - buy aspirin generic cheap aspirin 75 mg

order zovirax 400mg generic - zyloprim buy online rosuvastatin 20mg oral

order generic motilium - order domperidone 10mg for sale buy generic flexeril over the counter

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: