Mazir
10 июл 13:57korilim:664 Sayasat

Мемлекет басшысы жаңа оқу жылының қалай басталатыны туралы пікір білдірді


Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңа оқу жылына дайын екеніне күмәнданатынын жеткізді. 
«1-қыркүйек күні жаңа оқу жылы басталады. Министрліктің бұған дайын екеніне күмәнім бар. Балалар онлайн оқиды ма әлде мектепке барады ма? Жаңа оқу жылына дайындық қалай жүріп жатыр?» - деді президент.
Мемлекет басшысы аймақ әкімдіктеріне мектептерді жабдықтауға бұйрық берді. 
«Мектептерде 400 мың компьютер бар. Бірақ солардың 40 пайызы ғана жұмыс істеді. Бұл – министрлік пен әкімдіктердің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер шұғыл түрде мектептерді жабдықтап, мұқтаж отбасыларды қажет техникамен қамтамасыз етсін», - деді Тоқаев. 
Мемлекет басшысының айтуынша, қашықтықтан оқыту барысында инфраструктуралық, интернеттік мәселелер бар. 
«Үйінде толық интернет пен компьютердің болмауынан 20 пайыздан астам мұғалімдер қашықтықтан сабақ жүргізе алмады», - деп түйді ол. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: