Mazir
14 июл 09:36korilim:840 Sayasat / Qazaqstan

Алексей Цой жаңа оқу жылын қалай бастау керектігін айтты


Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цой 2020-2021 оқу жылын қашықтан оқыту форматында бастауды ұсынды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 61 мыңнан астам науқас тіркелген, оның ішінде 1700 бала бар. 
«Карантин кезінде балалардың ауыруы айтарлықтай төмендеген. Оқу жылын дәстүрлі түрде бастау инфекцияның таралуына және балалардың жаппай ауыруына алып келуі ықтимал», - деді министр Үкімет отырысында. 
Оның сөзіне сенсек, коронавирус инфекциясының негізгі кең таралатын орыны – қоғамдық, ұжымдық жиындар. 
«Жыл сайын тұмау жұқтырғандардың 70 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұмау маусымы мен коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жағдайда мектеп оқушыларын бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын қарастыруды ұсынамыз», - деді ол. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: