Mazir
15 июл 20:11korilim:898 Sayasat

Карантинді бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі белгілі болды



Алғаш рет карантинді бұзғаны үшін айыппұл 83 мың теңгені құрайды. Оқиғаның салдарына байланысты қылмыстық жауапкершілікті де қолдануға болады.

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев карантин кезеңінде той  өткізетін азаматтарды жаза күтіп тұрғанын еске салды.

Ол карантинді бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша жазаланатынын айтты.  Алғаш рет айыппұл 83 мың теңгені құрайды.

 "Түсінулеріңіз керек, егер мереке жаппай вирус жұқтыруға әкелсе, айыппұл әлдеқайда жоғары болады. Ал егер оқиғаның арты теріс салдарға әкеп соқтырса, онда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - деді брифингте Әділет министрлігінің басшысы.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: