Mazir
30 июл 11:20korilim:2 376 Sayasat / Ekonomika

Шымкентте 36 мемқызметкер жауапқа тартылды


Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметіне сүйенсек, қала бойынша жарты жыл ішінде 36 лауазымды қызметкер жауапқа тартылған. 
«Қылмыстық істері тергеу барысында 51 ұсыныс жасалып, 38 іс қаралды», - деді Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі департаментінің жетекшісі Асхат Жұмағали жартыжылдық есебінде. 
Оның айтуынша, 36 лауазымды қызметкердің 17-сі жұмыстан босатылса, 2-еуі мемлекеттік қызметтен шеттетілді. 8 адам қызметіне байланысты ескерту алса, 7 қызметкер қатаң сөгіспен, екеуі сөгіспен жазаланды. 
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң бойынша ұжымдағы жемқорлықты ауыздықтамағын үшін 19 басшы жауапқа тартылды. Оның ішінде біреуі жұмыстан босатылса, тоғызы қызметінен айырылып, біреуінің лауазымы төмендетілді.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: