Mazir
10 авг 09:33korilim:1 268 Sayasat

Экзит-полл: Лукашенко сайлауда жеңіске жетті


Беларусь халқы кеше мемлекет басшысын таңдады. Ресми жауап әлі жарияланбаса да, экзит-полл нәтижелері Александр Лукашенконың алтыншы мәрте жеңіске жеткенін көрсетіп отыр. Лукашенко сайлаушылар дауысының 79,7 пайызына ие болыпты-мыс. 
Оппозиция тарапының бас кандидаты Светлана Тихановская 6,8 пайыз дауыс жинаса, Анна Канопацкая - 2,3 пайыз, Андрей Дмитриев – 1,1 пайыз, Сергей Череченя - 0,9 пайыз дауыс жинаған. Ал сайлаушылардың 9,2 пайызы барлығына қарсы екенін жеткізіпті. 
Экзит-полл нәтижесін шығаруға қажетті сауалнама елдің барлық аймақтарындағы 320 сайлау учаскесінде жүргізілген. Бұл нәтиже – 12 340 адамның жауабының көрсеткіші.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: