Mazir
12 сен 17:35korilim:1 083 Sayasat

Назарбаев Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті


Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Қытаймен достық жоғары бағаланатынын атап өтті, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.


"Біз тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойдық, шекара мәселесін толық шештік. Біздің қарым-қатынасымызда ешқандай түйткіл болған жоқ, әрі қарай да солай жалғасуы керек. Қазақстан Қытайдың біраз бастамаларын қолдайды. Соның бірі — «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының жүзеге асуы. Оны  Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан жерінде жариялаған болатын. Біз талай шаруа атқардық, әлі де көп жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде", – деді Елбасы.

Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі Қазақстанның жетістіктеріне тоқталып, Нұрсұлтан Назарбаевқа екі ел арасындағы жан-жақты қатынасты дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс айтты. Ван И Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының әрі қарай да тереңдей беретініне сенім білдірді.

"Жақында Қазақстан өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сіз оған қол жеткізудің бастауында тұрдыңыз. Осы жылдар ішіндегі Қазақстанның табысты дамуы бәрімізді тәнті етеді. Осы жетістіктің бәріне Сіздің арқаңызда қол жеткізілді. Сіздің жетекшілігіңізбен Қазақстан өсіп-өркендеді. Өз еліңіз үшін және біздің мемлекеттеріміздің арасындағы тату көршілік қатынастарды дамыту үшін біраз шаруа атқардыңыз. Қытай халқының Сіз сияқты сенімді досы бар. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы дәл осы жерде – Қазақстанның астанасында бастау алғанын ешқашан ұмытпаймыз", – деді Ван И.


Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің ауызша ыстық сәлемін жеткізді. Онда Қытай Төрағасы Елбасыны кез келген ыңғайлы уақытта Қытайға сапармен келуге шақырды. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің өткен отырысы туралы айтып берді.

Ван И осы жылдар ішінде Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына ең белсенді қатысушылардың бірі ғана емес, сондай-ақ көптеген идеяларға, жобалар мен бағдарламаларға бастамашы болғанын атап өтті.
Өз кезегінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қытай Төрағасына ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ ШЫҰ және «Бір белдеу, бір жол» жобасының маңыздылығы туралы пікірін білдірді.

"Си Цзиньпинге жылы лебізі үшін алғысым шексіз. Мен ШЫҰ құрылуының бастауында болдым. Ұйымды сақтау және одан әрі дамыту керек деп санаймын. Жаһандануға қатер төніп тұрған қазіргі кезде ШЫҰ және «Бір белдеу, бір жол» интеграция идеясын ұстанатын көптеген халықтар үшін тығырықтан шығудың жолы болып отыр", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Басу
besivance order online - besifloxacin online buy order sildamax without prescription

buy generic probenecid 500 mg - monograph order tegretol 400mg oral

pyridostigmine 60 mg ca - buy imuran 50mg online imuran 50mg over the counter

buy rumalaya online - order endep order amitriptyline online

buy baclofen 25mg for sale - buy feldene without prescription purchase piroxicam without prescription

buy zithromax 500mg online cheap - buy zithromax 500mg order bystolic 20mg sale

prednisolone ca - brand azithromycin 250mg order prometrium 200mg without prescription

order zovirax 400mg online cheap - rosuvastatin cheap buy crestor 10mg for sale

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: