Mazir
29 сен 09:19korilim:1 263 Sayasat

Саакашвили Қарабақ дауы туралы мәлімдеме жасады


Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. 
«Әзірбайжан мен Армения арасындағы қарулы қақтығыс аймақтағы бейбітшілікті қалайтын барша халықты алаңдатып отыр. Бүгінде одан асқан құндылық жоқ. Мен екі ел арасындағы жағдайдың ушығуы мен адам өлімі туралы ақпаратты өте ауыр қабылдап отырмын. 
Менің позициям мемлекеттік территорияның тұтастығын сақтау екенін білесіздер. Таулы Қарабақ – Әзірбайжан Республикасына тиесілі аймақ. Бұл фактіні ештеңе өзгерте алмайды», - деді ол. 
Грузияның премьер-министрлігіне кандидат азамат соғыс алаңындағы әскерлерді үйлеріне қайтып, азаматтық құқығы қорғалған жерде бейбіт өмір сүруге шақырды. Саакашвили үш кавказ елінің арасында бауырлас және достық қарым-қатынасты сақтауға мүдделі екенін жеткізді. 
«Біз болашақта Балтық жағалауы елдері сияқты қарым-қатынас орнатуымыз керек. Кавказ бейбітшілік пен өркендеу аймағы болуы тиіс. Ал сыртқы күштер бізді араздастыруға ұмтылатыны анық. Бұған жол бермеу керек», - деп жазды Саакашвили. 
Қарабақ дауы 1988 жылы басталған. Ал 2020 жылдың 27-қыркүйегінде Армения тарапы әзірбайжандықтарға оқ атып, артынша дау өршіп кетті. Қазақстан бастаған бірқатар мемлекеттер Әзірбайжан мен Арменияны қарулы қақтығысты тоқтатып, бейбіт келісімге келуге шақырды. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: