Mazir
06 ноя 11:38korilim:1 345 Sayasat / Ekonomika

Локдаун: Әлем қайта дүрлікті. Қазақстанда қатаң карантин болады ма?


Әлем халқының үрейін ұшырған коронавирус пандемиясының басталғанына жарты жылдан астам уақыт болды. Бұл уақыт аралығында миллионнан астам адам дерт құрбанына айналды. Әлемнің барлық елінде Төтенше жағдай режимі және коменданттық сағат жарияланды. Шеттен бақылаған болсаңыз, бұл – құдды бір өткір сюжетті, қорқынышты фильм секілді. 

Бүгінде ДДСҰ-дан бастап барлық медициналық ұйымдар, әр мемлекеттік денсаулық сақтау саласының басшылары коронавирус инфекциясы адамзат баласына қайта айналып соғады, бұл толқын қыстың алғашқы айына сәйкес келеді деп болжап отыр. 
Сіздердің назарларыңызға бүгінгі күні әлемнің қандай мемлекеттерінде қатаң карантин шаралары енгізілгені туралы сараптамалық шолуды ұсынамыз. 

Джон Хопкинс университетінің мәліметіне сүйенсек, әлемде 48,2 миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 1,2 миллионнан астам адам қаза тапқан. 

Әлемдегі локдаун

1. Англияда бейсенбіден бастап екінші локдаун басталды. Қатаң карантин кем дегенде 2-желтоқсанға дейін жалғасады. Бірінші қажеттіліктерден бөлек тауарлар сататын дүкендер, бар-мейрамханалар, спортзалдар, көңіл көтеру орындары жабылды. Қоғамдық көлік әзірге штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 

Халыққа далаға себепсіз шықпауға кеңес берілген. Дегенмен, британиялық үкімет екінші локдаунда мектептер мен ЖОО-ларды жаппауды шешіпті. 

Бейсенбі күні Қаржы министрлігі мәжбүрлі түрде ақысыз демалысқа шыққан азаматтарға әр ай сайын төлем жасау бағдарламасын наурыз айына дейін қарастыратынын жариялады. Англия Банкі британдық экономика тұрақтылығын сақтау үшін қосымша 150 миллион фунт стерлинг қаражат бөлген. 

2. Грекия Премьер-министрі Кириос Митсотакис жексенбіден бастап елде жалпыхалықтық локдауын басталатынын, бірақ мектептер жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді. Қоғамдық орындарда маска тағу міндеттелді. 

3. Кипр қайтадан коменданттық сағат жариялады. Бар-мейрамханалар, кафелер, сауда орталықтары 22:30-да жабылуы тиіс. Мейрамхана қонақтары даяшы асты әкелгенше маска тағып отыруға міндеттелді. 

4. Норвегия Премьер-министрі Эрна Сульберг норвегиялықтарды ел ішінде көп сапарламауға шақырды. 

Соңғы бірнеше күн ішінде Норвегиядағы эпидемиологиялық ахуал айтарлықтай күрделенген. Тіпті, рекордтық көрсеткіштер тіркелуде. Осы уақытқа дейін Норвегиядағы эпидахуал Еуропадағы жақсы көрсеткіш саналып келген. 

5. Италияда жаңа локдаун бүгін күшіне енеді. Премьер-министр кеңсесі қатаң локдаун кезінде қала ішінде жүріп-тұруға тыйым салынатынын мәлімдеді. 

Италияда ауруханалардың толып қалуына байланысты аудандар 20 аймаққа бөлініп, әрбірі түстермен (қызыл, сарғыш, жасыл) белгіленбек. 

Елде коменданттық сағат жарияланып, мұражайлар, көрмелер, сауда орталықтары жабылады. Қоғамдық көлік саны азайтылып, жоғары сынып оқушылары онлайн режимге қайта оралады. 

6. АҚШ-та өткен тәулікте 100 мыңнан астам науқас тіркелген. Бір күн ішінде 1 100 адам қаза тапқан. Ауруханаға түсіп жатқан науқастар саны көбейді. Бүгінде аурухана төсегінде 50 мыңнан астам адам ем алып жатыр. 

7. Қытай билігі өз азаматтарының бірқатар мемлекеттерге баруына тыйым салады. Тыйым салынған мемлекеттер ішінде Ұлыбритания мен Бельгия бар. Ал Қытайға АҚШ-тан, Франциядан, Германиядан, Аустралиядан, Сингапурден, Жапониядан келген азаматтар қатаң түрде тест тапсырады. 

Қытайға ұзақ ұшып келетін жолаушылар екі рет тест тапсырады. Өйткені жолда инфекция жұқтырып алу қаупі бар. 

8. Дания ДДСҰ-ның ерекше қадағалауында. Өйткені, аталған елдегі бағалы терісі бар аңдардан мутацияланған коронавирус табылып жатыр. Бұл Еуропадағы кез келген зоофермалардың жұмысына қиындық туғызып отыр. 

Бағалы терісі бар аңдарды өндірістік мақсатта өсіретін Испания мен Нидерланды да қатаң тексеру жүргізуде. 

Бүгінде эпидахуалы күрделі Еуропа елдері Оксфорд университеті мен Astra Zeneca өндірістік компаниясы шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаны миллион тонналап сатып алуда. Біз неге тысқары қалып отырмыз?!
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: