Mazir
23 ноя 17:43korilim:717 Sayasat

Байбек: Бес жыл ішінде Nur Otan-ның көмегіне 1,2 млн адам жүгінді


XX съезд қарсаңында партияның Орталық аппаратында "Nur Otan" Саяси кеңесінің отырысы өтті. Бейнеконференция байланысы режимінде ұйымдастыру мәселелерімен қатар партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындылары қаралды.


"Nur Otan"-ның бесжылдық жұмысын қорытындылай келе, партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі сайлауалды бағдарламаны бақылау мен "кері байланыстың" пәрменді тетігі болғанын атап өтті.


Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша "Nur Otan" 2014 жылы елімізде бірінші болып "Электронды партия" жобасы аясында қоғамдық онлайн-қабылдау бөлмесін, веб-портал ашып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы коммуникацияның жаңа арналарын енгізе бастады.

"5 жыл ішінде партияға шамамен 1,2 млн. адам жүгінді, оның 30%-і өтініштерін онлайн жолдады. Өтініштердің 92%-і бойынша оң шешім қабылданып, тегін кеңес беріліп, құқықтық көмек көрсетілді. Нұротандық депутаттар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары 180 мыңға жуық қабылдау өткізіп, 340 мыңнан астам азаматты қабылдады. Өтініштердің 72%-і оң шешімін тапты, 28%-і бойынша түсіндірмелер мен қажетті кеңестер берілді", - деді Бауыржан Байбек.

Бауыржан Байбектің айтуынша, пандемия мен күрделі экономикалық ахуалға қарамастан, партия белсенді жұмыс жүргізді, өзінің барлық әлеуметтік сайлауалды міндеттемелерін орындады және сайлаушылардың сенімін нығайтты.


Ашықтық пен есептілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, "Nur Otan" 2014 жылдан бастап жыл сайын БАҚ-та шығыстардың барлық баптарын көрсете отырып, қаржылық есебін жариялап келеді. Партия бастамасымен Есеп комитеті екі рет тексеру жүргізіп, барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетінін анықтады.

"Көшбасшылықты сақтау үшін уақыт талабына жауап бере отырып, өзгеру қажет. Елбасы айтқандай, "Nur Otan" одан әрі дамуды жалғастыра беруі тиіс. Сондықтан өткен жылы партия басшысының тапсырмасымен "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам" атты партияны қайта жандандыру бағдарламасы қабылданды. Биліктің барлық деңгейінде партиялық жауапкершілікті арттыруға байланысты шаралар қолға алынып, партияның Мәжілістегі және мәслихаттардағы депутаттық фракцияларының жұмысы жандандырылды. "Партия қатарын тазарту" аясында Жарғы мен Этика кодексін сақтамағаны, партиямен байланысты жоғалтқаны үшін 240 мыңнан астам адам, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін 610 адам партиядан шығарылды. Өз кезегінде "Nur Otan" праймеризі еліміз үшін елеулі саяси оқиғаға айналып, іс жүзінде "Мықты лидерлер – Мықты партия" формуласын іске асырды", - деп қорытындылады жетекші партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Түркістан облысынан праймеризге қатысқан Бекарыс Шойбековтың айтуынша, биылғы праймериз қарапайым азаматтардың саясатқа араласуына жол ашып, қоғам тарапынан жоғары бағаланған.

"Бүгін "Nur Otan" партиясы өз жұмысына жаңа формат енгізді, оны көріп отырмыз. Тұңғыш рет республикалық ауқымда праймериз өткізілді. Сондай-ақ, әрбір өңір, қала және аудан бойынша дайындалған 216 сайлауалды бағдарлама халық арасында жан-жақты талқыланды. Бұның барлығы – Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияны "қайта жандандыру" жөніндегі бастамасының арқасында жүзеге асты. "Nur Otan" нағыз халықтық партия екенін дәлелдеді", - деді Саяси кеңес мүшесі Бақытжан Жұмағұлов.

Саяси кеңес отырысының қорытындысы бойынша Үкіметтің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі есебі алдын ала мақұлданды, партияның Жарғысы мен Саяси Доктринасына енгізілетін өзгерістер қаралды. Праймериздің 78 жеңімпазы енген Мәжіліске арналған партиялық тізім, сондай-ақ жұмыс органдарының құрамы мен партияның кезектен тыс XX Съезінің күн тәртібі бекітілді. 


Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қазақстанда жаңа мереке пайда болады12:47Тоқаев: Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етті11:30Коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты10:00Қостанай облысында ерлі-зайыпты зейнеткерлер өлі табылды18:39Мамин Chevron басшылығымен кездесті16:34Ескі кірме сөздерді латынграфикалы қазақ әліпбиімен жазу жайында16:00Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері – мамандар талқылауынан өткен нұсқа15:30Алтынбек Нухұлы төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды14:48Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды13:45Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды12:37Қазақстан: Балаларды қашықтан оқыту үшін 442 млрд теңге жұмсалған11:35Қазақстанның жеті аймағында жолдар жабылды10:03Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жасқа толуымен құттықтады17:35Пара туралы хабарлаған қазақстандықтарға 34 миллион теңге беріледі16:53Қазақстанда әр отбасының цифрлық картасы құрылады15:46