Mazir
14 дек 14:46korilim:1 441 Sayasat / Qazaqstan

Нығматулин Тәуелсіздік күніне орай Мәжіліс депутаттарына мемлекеттік марапаттар табыстады


Тәуелсіздік күні қарсаңында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттарға және Әкімшілік қызметкерлеріне Қазақстан Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградаларды табыстады.

Тәуелсіздік күнінің барлық қазақстандықтар үшін маңыздылығы, осы жылдардағы біздің еліміздің жетістіктері туралы айта келе, Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген және бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырған стратегиялық бағыттың тиімділігіне тоқталды. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, ел басшылығының бастамалары Қазақстанның жоғары халықаралық беделге ие, тұрақты дамып келе жатқан және біздің заманымыздың сын-қатерлеріне жауап беру үшін барлық мүмкіндіктерге ие тәуелсіз мемлекет ретінде орын алуына мүмкіндік берді.


Сонымен бірге, Мәжіліс Төрағасы депутаттық корпус қазіргі қиын жағдайда Елбасының және Мемлекет басшысының елді одан әрі жаңғырту бойынша қойылған барлық міндеттердің орындалуын заңды түрде қамтамасыз ету мақсатында жұмыстың жаңа формалары мен механизмдерін енгізгендігін атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы ТМД ПАА «Достастық» орденін Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжановқа, ал «Парламентаралық ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» ТМД ПАА медальдарын - Әділет министрі Марат Бекетаев пен Мәжіліс депутаты Сергей Звольскийге тапсырды. Мәжілісмендер Әбдіманап Бектұрғанов пен Мұхтар Ерман ТМД ПАА Кеңесінің құрмет грамоталарына ие болды.


Сонымен бірге, Нұрлан Нығматулин заң жобалары бойынша тиімді жұмыс және парламентаралық байланысты кеңейту үшін мемлекеттік органдар өкілдерінің депутаттық корпуспен өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Президентінің жарлығымен Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы 2020 жылғы Мемлекеттік сыйлық Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахмановқа «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін берілді.


Басу
how to get lasuna without a prescription - buy lasuna generic himcolin online

buy diclofenac pill - buy generic diclofenac online how to get aspirin without a prescription

buy acyclovir 800mg online cheap - zovirax 400mg price buy generic rosuvastatin for sale

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: