Mazir
20 дек 09:58korilim:2 778 Sayasat / Qazaqstan

Президент сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңға қол қойды


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық процесс барысындағы азаматтар құқығын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бірқатар заң актілеріне енгізілген өзгертулерді бекітті. 

Заңға енгізілген өзгерістер: 

- сыбайлас жемқорлықпен ұсталып, сотталған азаматтардың мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуына шектеу қою; 

- Қазақстаннан тысқары жерде орналасқан шетелдік банктерде есеп-шоттар ашып, ақша мен басқа да бағалы заттарды сақтауға тыйым салу; 

- прокурорға қылмыстық істер бойынша негізгі шешімдерге әсер ететін төрт процессуалдық іс-қимыл туралы келісу құқығын беру (күдікті деп тану туралы, күдіктінің әрекетін квалификациялау туралы, күдіктінің іс-әрекетінің квалификациясын өзгерту немесе толықтыру туралы және тергеу мерзімін тоқтату туралы шешімдер);

- прокурорға тергеушінің үш соңғы процессуалдық шешімін бекіту құқығын беру (бұйрықтық іс жүргізуді қолдану және сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы шешімдер, қылмыстық іс туралы хаттама). 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: