Mazir
26 янв 14:59korilim:200 Sayasat / Qazaqstan

Тоқаев жеке кәсіпкерлердің есеп-шоттарын бұғаттамауға тапсырма берді


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа Үкіметке салықтық-бюджеттік саясатты заман талабына сай жетілдіруге тапсырма берді. 
«Өте маңызды мәселе – салықтық әкімшіліктендіру. Соңғы айларда жеке кәсіпкерлер салық жүктемесіне қатысты көп шағым түсіруде. Болмашы қарыздар үшін есеп-шоттары бұғатталады. Есеп қабылдау жүйесі дұрыс жұмыс істемейді екен, экспорт жасауға негізсіз шектеулер қойылады екен. Бюджетті аванстық төлемдер арқылы жүзеге асыру үшін адал кәсіпкерлерге қысым көрсетіліп жатыр. Осындай әрекеттерді доғару керек», - деді ол. 
Мемлекет басшысы Үкіметке «Атамекен» Үлттық кәсіпкерлер палатасымен біріге отырып салықтық әкімшіліктендіруді жеңілдетуді міндеттеді. Президенттің айтуынша, жаңа жүйе цифрлық технологияға негізделіп, кез келген кәсіпкерге қолжетімді болуы керек. 
«Жеке кәсіпкерлерді онлайн кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды қолданған жағдайда салықтық есеп беруден босату мәселесін қарастыруды тапсырамын», - деді мемлекет басшысы. 
Салықтық және кедендік кірістер негізгі кіріс көзі болып есептеледі. 2020 жылы салықтық және кедендік кірістердің үлесі 47 пайызды құрады, алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 65 пайыз еді. 
«Кедендік төлемдерді жинау қарқыны өте төмен. Қате декларациялау фактілері көп кездеседі. Мұндай фактілер тек Қытаймен шекараның өзінде 50 мың көлемінде, бұл көрсеткіштің пандемия мен локдаун кезінде есептелгенін де ескеру керек. Қытайдың ашық статистикасымен салыстырғанда 5 миллиард доллар қаражат сәйкессіздікке ұшырап отыр», - деді ол. 
Оның айтуынша, контрабанда – төленбеген салық қана емес, сондай-ақ, отандық өндіріс пен азаматтардың денсаулығына төнген қатер. 
«Мемлекеттің аса маңызды саяси жүйесі – кедендік-траифтік жүйе нәтиже көрсетпей отырғанын назарға алу керек. Үкіметке ағымдағы жылдың 1-қыркүйегіне дейін шекарадағы заңсыз саудаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді бағдарламаны дайындауды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Халықаралық дөңгелек үстел өтті22:51Ақтөбе облысы: 22 цистерна рельстен шығып кетті17:23Мәдениет және спорт вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды16:45Қазақстанда әскери қызметтің мерзімі ұзартыла ма?14:42«Мемлекеттік тіл: үйренушінің көзқарасы»13:57Түркістан облысы: Жұма намазын мешітте оқуға рұқсат етілді12:45Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 123 млрд теңгеге жуық ақша бөлінді11:40Тоқаев Kaspi.kz компаниясының басшыларын қабылдады10:50Арменияда саяси жағдай шиеленісті10:35Қатты аязға байланысты бірқатар аймақта дауылды ескерту жарияланды09:16Тоқаев: Бұл – өте күрделі мәселе, оны жедел шешуіміз керек17:10Онлайн ойталқы алаңы өтеді15:40Мемлекет басшысы Парламент мүшелеріне ұсынысын жеткізді13:57Тоқаев шұғыл түрде жер туралы заң дайындауды тапсырды12:31Тоқаев: Кәсіпкер жұмысшыларына үй салса, мемлекет жартысын төлеуге дайын12:16