Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Мәжіліс депутаты Александр Милютин еңбек жағдайының қиындығына байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын 60-қа дейін төмендетуді ұсынды
«Қазақстандықтардың көбінде жалақы аз болғандықтан, зейнетақы жинағы да аз. Сондықтан біздің партия бұрын жақсы нәтиже көрсеткен зейнетақы жүйесіне оралуды ұсынады. Біздің басты ұсыныстарымыздың бірі - еңбек жағдайының қиындығына байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарастыру. Азаматтың жынысына қарамастан зейнетке шығу жасын 60-қа дейін төмендету керек. Зейнетке шығу жасын кезең-кезеңмен ұлғайту мәселесін көтерудің мәні жоқ. Ең төмен базалық зейнетақы жыл сайынғы орташа жалақыға тең болуы керек. Құқықтық зейнетақыны жыл сайын индекстеу номиналды инфляцияны ғана емес, сонымен бірге нақты тұтыну бағаларының өсу индексін, сондай-ақ жалақының өсу индексін де ескеруі керек», - деді Александр Милютин Мәжілістің жалпы отырысында.
Оған қоса, депутат зейнетақының бір бөлігін алу туралы сөз қозғады.
«Бес жыл ішінде алғаш рет БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары төмендеуге көшті. 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша олар 11 триллион 405 миллиард теңге болды, ал 2020 жылғы 1 маусымға қарай 11 триллион 388 миллиард теңгеге дейін азайды, яғни 17 миллиард теңгеге қысқарды. Халықтың зейнетақы жүйесіне нашар қатысуы, жинақтардың өте төмен деңгейі болашаққа әлеуметтік қиындыққа әкеп соқты, ал енді бұл тәуекелдер одан әрі ушығып барады», - деді ол.
Бұған дейін "Халық коммунистері" фракциясының депутаттары Қазақстанның барлық азаматтарының зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынған болатын.
Басу