Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Ақорда сайтының хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес отырысын өткізіп, онда ұлттық санақ бойынша тапсырма берді.
Ұлттық халық санағын ұйымдастыру мәселесі туралы айта отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ауқымды іс-шара ең маңызды талдамалық деректерді, соның ішінде халықтың нақты саны, оның жасы, жыныстық құрамы, урбанизация дәрежесі, табыс деңгейі және басқа да ақпараттарды алуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Бұл тексерілген, ақпараттандырылған басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет екенін айтты.
Сондықтан Президент сауалнамалар мазмұны жоғары болуы маңызды екенін атап өтті. Сонымен бірге, ол сандық технологияларды кеңінен қолданып, азаматтарды көп сұрақпен мазаламай, халық санағына оңтайлы келу керегін атап өтті, бұл пандемияда мүмкін шектеулерді ескере отырып ерекше маңызды екенін ескертті.
Мемлекет басшысы премьер-министр бірінші орынбасарының төрағалығымен санақты дайындау мен өткізудің негізгі ұйымдастырушылық-мазмұндық мәселелерімен айналысатын арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды. Биыл қазанда санақ өткізіліп, 2022 жылдың ортасына дейін Үкімет соңғы мәліметтерді жариялауы керек.
Басу