Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Ұлттық кеңестің іске асырылған бастамаларының қоржынында тағы бір заң бар, деп жазды Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қарин өзінің Телеграмдағы каналында.
«Бүгін мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Жаңа заңға сәйкес, қазақстандық жүргізушілерге енді өздерімен бірге тек жеке куәлігі болса жеткілікті.
Бұл бастаманы алғаш рет Президент Тоқаев Ұлттық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы екінші отырысында жария еткен болатын. Осылайша, бүгінгі заң Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында қабылданған он екінші заң жобасы болып отыр. Қазіргі кезде тағы 7 заң жобасы әр түрлі деңгейде қарастырылуда. Сондай-ақ, жақын арада бұрын жарияланған жаңа бастамалар шеңберінде бірқатар басқа да заң жобалары әзірленіп жатыр», - деп жазды Ерлан Қарин.