Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq мобильді қосымшасы мен эпидемиологиялық жағдайды анықтау кезінде қазақстандықтарды түстерге бөлу адамдардың өмірін бақылау деген сөз емес екенін айтты.
«Коронавирус пандемиясы басталғалы бері бүкіл әлемдегі бизнес айтарлықтай шектеулермен жұмыс істеуге мәжбүр болды, бұл бизнестің кірісіне айтарлықтай зиян келтіреді. Қазақстанда 13 мыңнан аса бизнес субъектісі әлі күнге дейін қызметін бастай алмай отыр», - дейді Цой ОКҚ брифингінде.
Ashyq мобильді қосымшасы QR-код жүйесін пайдаланатынын және азаматтарды эпидемиологиялық мәртебесіне қарай қызыл, сары, көк, жасыл түстерге бөлетінін айтты. Пилот режимде оны Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағандыдағы 40 объек - фитнес-орталықтар, SPA-орталықтар, бассейн, монша, кинотеатрлар енгізді.
«Түстермен бөлу әлеуметтік желілерде талқыланып жатқандай, адамдардың өмірін бақылауға арналмаған. Бұл жай ғана адамның ауру немесе науқаспен байланыста болғанын көрсетеді, қолданыстағы заңнамаға сәйкес олар карантинде жатуға міндетті», - деп түсіндірді Цой.
Министр қосымшаның ерікті екенін, ол қауіпсіз орта құруға, келушілерді вирустан және оның таралу қаупінен қорғауға, сонымен қатар, бизнеске карантин кезінде қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретінін айтты.
Басу