Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Айтыскер ақын Ринат Зайытов жаңа қызметке тағайындалған соң алғашқы сұхбатын журналист Нартай Аралбайұлының ютуб каналына берді.
«Ринат Зайытов шенеунік кейпіне өзгеріп келді ме?» деп сұрады журналист.
«Ринат қайта түзілетіндей не өзгеріске ұщырады?! Ең бірінші, ұжымды басқару – ұжыммен тіл табысу, жауапкершілікті мойныңа алу. Мен айтқан сөзім үшін, істеген ісім үшін де жауапкершілік алудан қашқан жоқпын. Қызметте дәл сондай ресми жауапкершілік жүктелді», - деді Ринат Зайытов.
Сұхбат барысында партия құру жайы сөз болды. Айтыскер ақын партия ашам деген ойынан әлі қайтпағанын айтты.
«Бұл сұраққа оңай жауап беремін. Партия құратын мүмкіншілігім болса дайынмын дедім. Қазір мүмкіншілігім жоқ. Екі аралықта бос жүрмеу керек, базардың әйелдері сияқты отырып алып айғайлай бермей еңбек ету керек. Сол екі аралықта қызметте отырмын. Біздің қоғам демократиялық қоғам болу керек. Мен оны әлі де айта беремін. Партия халықтың сөзін сөйлеп, саяси реформаларға өзгеріс енгізуі керек», - деді "Алатау" дәстүрлі өнер театры коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.