Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Мәжіліс «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қабылдауды және оны қолданысқа енгізуді 2021 жылғы 1 шілдеге жоспарлау тапсырылды. Жоғарғы Сот пен облыстық соттардың "сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы" Конституциялық заңда белгіленген қолданыстағы құрылым Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс міндеттеріне толық сай келмейді», - деді депутат Қанат Мусин Палата отырысында.
Жоғарғы Сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылды. Мусиннің айтуынша, қазіргі уақытта мамандандырылған сот алқасы таратылды. Облыстық соттарда да тиісті сот алқалары құрылады.
«Сондай-ақ, заң жобасында Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына үміткерлерге, судьяларға қойылған, мемлекет басшысы тағайындауға ұсынатын талаптарға өзгеріс енгізіледі. Бұл түзетулер елдің Жоғарғы Сот органына құқықтың мамандандырылған салаларында, мысалы, салық құқығында немесе жер қойнауын пайдалану құқығында үлкен тәжірибесі бар көрнекті заңгерлерді тартуға бағытталған.
Бұл неғұрлым даулы істер бойынша сот төрелігі сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және бүкіл сот жүйесіне оң әсерін тигізеді. Бұл түзетулер мемлекет басшысы ұсынған үміткерлерге ғана қатысты екенін ерекше атап өткен жөн. Бұл басқа судьяларға қатысты емес», - деді Мусин.